Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілді.
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.
Талқылаудан кейін Абаев Дәурен Әскербекұлының кандидатурасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.
Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметін атқарған болатын.