Жастар мемлекеттік бағдарламалар бағытында кеңес алып жатыр
Қызылордадағы "Евразия" спорттық-сауықтыру кешенінде жастар жылының ашылуына арналған кешенді шаралар өтуде, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Шара барысында жастар кәсіпкерлік саласы, тұрғын үй мәселесі, денсаулық сақтау саласы, спорттық секцияларға қатысу өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеңес алып жатыр.
Қаламыздағы 13 жоғары және орта арнаулы оқу орындары кәсіби бағдарлану бойынша кеңесін бермек.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде 33 мекеме өзіне қажетті 150-ге жуық маманды іздеуде.
Айта кетейік, жастар үшін ұйымдастырылған шара бүгін сағат 17-00-ге дейін жалғасады.