Латын графикасындағы ғылыми мақалалар «Молодой ученый» халықаралық журналында жариялана бастады
Латын графикасындағы ғылыми мақалалар «Молодой ученый» халықаралық журналында жариялана бастады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

2019 жылдан бастап журналдың тұрақты авторы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университетінің профессоры Марат Жанзақов латын графикасындағы ғылыми мақалаларды жариялай бастады. Қазіргі таңда ол – жаңа әліпбидегі үш ғылыми мақаланың авторы.
Бірінші мақаласында ғалым сортішілік өзгергіштік және сортты жаңарту сұрыптаулары мүмкіндіктерін пайдалануды зерттейді. Екінші мақаласында селекцияда экологиялық принцип бойынша ата-аналық жұптарды таңдауды қарастырады. Ғалымның үшінші мақаласы егістік дақылдарын механизацияға бейімділік селекциясына арналады. Берілген ғылыми-зерттеу жұмыстары М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің директоры Б.Қ.Кенбаев, №264 мектеп-лицейінің мұғалімі З.Қ.Қарақұлова, «Болашақ» университеті колледжінің оқытушысы Н.Б. Тыныштықбаев, «Болашақ» университетінің студенттері Д.Азберген, А.Дүйсенғазиев және А.Смаиловамен бірлескен авторлықта жарияланып отыр.