«Қызтекелерден жиіркендім».Тоқтар Серіков сахнаға неге жиі шықпайтынын айтты
Әнші сахнаға шашын бояп, құлағына сырға тағып шығатын әртістерді сынға алды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Бұл өздігінен болған дүние емес. Қызтекелерден жиіркендім. Құрысыншы! Олар - таза қызтекелер, түрлерінен көрініп тұр ғой. Нағыз еркек болса, сондай шалбар кие ме, сондай іс істей ме? Олар – қызтеке. Ол анық. Шаш жасайтын біреулер жүреді. Олар да қызтеке. Одан қалса, біздің әнші бауырларымыз бар. Астапыралла, қарындастарымыз болып кеткен бе? Бір пәле өздері. Айтуға ұят. Олармен сахнада жүргім келген жоқ", - деді әнші.
Сонымен қатар, Тоқтар Серіков балаларының Ninety one тобын тыңдамайтынын атап өтті.
"Олар 100% тыңдамайды. Нанбасаң, телефон шал. Ninety one десе, бірден тыңдағысы келмейді. Басында көрген бетте балаларға түсіндірдім", - деп түйіндеді сөзін ол.