Айқай-ұрыс кезінде бала не сезінеді?
Көңіліне қуаныш, жанына ерекше жылулық беретін жаздың жаймашуақ күні. Бітпейтін тірліктің, жетпейтін уақыттың, құлағынның түбінен кетпейтін көлік дыбысынан алыстап, орман ішінде келе жатырсыз. Иә, иә, дәл сіз келе жатырсыз. Айналаңыздағы табиғат әсемдігіне көзіңіз тоймай, орманда пісіп тұрған жидекті теріп, алаңсыз аяқ басып келесіз. Кенеттен алдыныздан өзіңізден екі есе үлкен, ашулы, тісін қайраған аю шығады. Не істейсіз? Қандай сезімде боласыз? Расымен де елестетіп көріңізші...
Қорқыныштан не істеріңізді білмей, қанға адреналин бөлінген соң, жүрегіңіз қағып, көзіңіздің қарашығы үлкейіп, стреске түсесіз.
Ата-ана, балаңызға ұрысып, айқайлаған кезде сіз сол «аюдың» кейпіне енесіз. Өзіңізден бірнеше есе кіші бала үстінен ақырған ата-ананы көргенде, қорыққаннан сол стрессті ол да алады.
Мұны ғалымдар дәлелдеп те отыр. Германиядағы Ульма университетінің балалар мен жасөспірімдер психиатриясы мен психиотерапиясының профессоры Пол Пленер зерттеулері біз елемейтін «ұрыс пен айғайдың» салдарының қаншалықты қорқынышты екенін көрсетті.
Жалпы, «балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық» деген тіркесті баспасөз бетінде жиі естіп жатамыз. Аты жаман естілгенмен, біз ойлағандай мұнда тек физикалық зомбылық көрсетуден бөлек, эмоционалды, тіпті оларды елемеу де бала зомбылығының түріне жататынын сіз білдіңіз бе?
Ашушандық, уақыттың, ақшаның жетіспеушілігі, бір-бірін аямастан қару кезе салатын бүгінгі таңда көбіміз ашуымызды әлсіз баладан алатын сияқтымыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқығы жөніндегі комитетінің мына мәліметін қарап көріңізші. 2-4 жас аралығындағы әрбір 4 баланың 3-і психологиялық агрессияға ұшырайды, 1-2 жастағы әрбір 10 баланың 6-ы физикалық зорлық-зомбылыққа, бір жасқа толмаған сәбилердің төрттен бірін жаза түрінде ата-анасы сілкілесе, 5 жасқа толмаған әрбір төртінші бала (177 млн.бала) үйінде зомбылық көреді.
Ата-ананың біразы баланы жазалаған да дұрыс, әйтпесе қалай дұрыс тәрбие береміз деп ойлайды. Тек балаға көрсетілген бұл зорлық-зомбылықтың түбі денсаулыққа зиян келтіріп, өскен кезінде әлеуметтік проблемалар алып келетіні дәлелденді.
Ата-ананың бұл әрекеті депрессия, артық салмақ, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, гепатит пен бронхит, ең қорқыныштысы қатерлі ісік пен өзіне қол жұмсауға дейін итермелейді екен.
Сондықтан, бір бала деп күйбелең тірлікпен арпалысып жүрген ата-аналар, «дүние күйіп жатса да», қаншалықты шаршап тұрсаңыз да, ұрар не ұрсар алдында балаңыздың келешегін ойлаңыз. Олар – біздің бақытымыз, байлығымыз, болашағымыз!
el.kz