Ақжона ауылына жаңа әкім тағайындалды
Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Сералиев Нұркен Жарболұлы Ақжона ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Сералиев Нұркен Жарболұлы 1981 жылы Қазалы ауданының Жаңақазалы қыстағында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Ақтан батыр» шаруа қожалығының жұмысшысы болып бастаған. 2002-2004 жылдары «Шилі» шаруа қожалығының, «РЗА» акционерлік қоғамының жұмысшысы, 2004-2007 жылдары Сарыкөл ауылдық округінің заңгері, бас маманы, 2007-2013 жылдары Қазалы аудандық әділет басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2013-2017 жылдары Әйтеке би кенті әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2017 жылдың қазан айынан бастап Әйтеке би кенті әкімі аппаратының есеп және шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.