23 ақпан: атаулы күндер мен оқиғалар
1993 жылы Алматыдағы Достық үйінде «Қазақстан-Венгрия» достық қоғамы құрылды.
1995 жылы Лондонда Абай үйі ашылды. 13 жыл бұрын (2000) Маңғыстаудағы Доға мұнай кен орнын іске қосудың тұсаукесер рәсімі өтті.
2005 жылы Алматыда Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі жалғыз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негіздері» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапты «Транспаренси Казахстан» және «Интерлигал» саяси-құқықтық зерттеулер қоғамдық қорларының көмегімен және «Сыбайлас жемқорлықпен азаматтық білім арқылы күресу» жобасының аясында басып шығарылды. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласына әсер етеді, деген мінездеме берілген. Кітап авторлары Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы (қазір ҚР Парламенті Сенатының төрағасы) Қайрат Мәми.
2005 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (ҚМЭБИ) Қалалардың тұрақты даму орталығы құрылды. Басты мақсаты - қалаларды жоспарлау саласындағы мамандарды дайындау. Орталық қалаларды дамыту саласында саяси шешімдердің ақпараттандыруын жоғарылатады.
2007 жылы Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы құрылды. Бұл шешім Маңғыстау облыстық маслихатының кезектен тыс сессиясында қабылдады. Жаңадан құрылған аудан аймақтың бесінші әкімшілік-территориялық ауданы. Мұнайлы ауданының әкімшілік-территориясы 492 мың 189 гектар жерді алып жатыр. Ақтау қаласына қарасты, және Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандарының территориясының бөліктері кірді.
2009 жылы Семейдің ірі кәсіпкерлері қалалық ақсақалдар кеңесінің белсенді атсалысуымен Абыралы ауданының тұрғындарына қолдау көрсету қоғамдық қорын құрып отыр. Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау бағдарламасына сәйкес, бұл коммерциялық емес ұйым Абыралы ауданы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуды және ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтермен қамтылуына қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр. Әсіресе, ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегіп отырған мүгедек балаларды оңалтуға материалдық көмек көрсетуге айрықша назар аударылмақ.