Бас ұстаған Қайрат Нұртас жұртқа жақпай қалды (видео)
Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың дастарханда бас ұстаған видеосы тарады. Көпшілік қазақ ырымында әкесі тірі адам бас ұстамайтынын айтып, әншінің әрекетін бейәдепке балауда, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Қажылық сапардан келген эстрада жұлдызының бұл әрекетін интернет қолданушылар сынның астына алды.
"Әкесі тірі адам бас ұстамайды", "Қазақта әкесі өмірден өтпесе, басты басқалары ұстамаған", "Өзі рұқсат берсе де болмайды", "Мүмкін әкесі жеп, содан кейін миын ашуға рұқсат берген шығар, бастың?", "Әке көрген адам басты ұстамайды. Бірақ оны қазіргілер білмейтін сияқты" деп жазды көпшілік.