«Нұр Отан» партиясы «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жобасын бастады
"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» деп аталатын жаңа жобасы бастау алды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Нұр Отан» партиясы бастамашы болған Бірыңғай әлеуметтік терезелердің қызметі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асатынын атап өткен жөн. Мұнда әлеуметтік көмекке қатысты толық мәліметтер мен кеңестер алуға болады. Яғни, партияның қабылдау бөлмелерінде көмекке зәру отбасылардың тізімі жасақталып, сол арқылы қайырымдылық жасағысы келетіндер мұқтаж отбасыларға көмектесу мүмкіндігі бар.
Әлсіз топтағы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған жоба аясында республикалық акция ұйымдастырылып, 20 дан астам тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға түрлі көмектер көрсетілді.
Қабылдау күн сайын 9:00-13:00 дейін, 14:30-18:00-ге дейін жүргізіледі.