Атсейіс
– Бұл қожаны құдай қаласа «атсейіс» қылып шығарамын. Жұмысы пісент екен! – дегенде, қызыл іңірде көлеңкесі көлденеңдеп артқы аяғын суытып, басын баяу екшеп, қаңтарулы тұрған Қаракер атқа қарай бердім. Қартекең жуынып-шайынып дастарқанға кеш отырды. Үстінде ақ көйлек, ақ дамбал кеудесінде қара шипарқыттан тіккен жеңсіз. Басында қара тақия оны орамалымен орап, ұшын самайының тұсынан шығарып қойған. Қос қабат көрпешенің үстіне отырып: – Ал қожа бала, ертең түске дейін сабағыңа бар. Түстік асыңды ішіп ал. Шәй, су ішпе! Айран іш. Айранға нан турап жеп ал, өлмейсің! Ат пен жол жүретін адам тоқ-жарау отыруы керек. Ертең атты «таң асырамыз». Оған дейін ат, жем-шөбін жеп отын алады.
– «Тағайға» баратын үлкен жолды білесің ғой? – деп маған қарады. Білмесем де басымды изедім...
– Сол жолмен «Тектұрмастың» бұлағына дейін барып қайтасың. Оның барып-қайтуы қырық шақырымға жуық болады. Алдағы тойда аттар сол жолмен шабады. Жолдың ой-шұқырын бақылап отыр. Бүгінгідей аттың бөкен жүрісімен сыдыртып отырасың. Аяғыңа етік ки, басыңа ора¬мал тартып, үстіңе күн өтпейтіндей кеудеше киіп ал. Ердің басына мұтыра іліп жіберемін. Шөлдесең, аздап аузыңды шәйіп, бір жұтым ғана іш. Далада аттан түсіп дәрет аламын деп жүріп талай адам жаяу қалған.
– Түсіндің бе? – деп, маған қарады.
– Түсіндім әке. Мақұл! – деп жатырмын.
– Ертең, тура сағат екіде шығып кететін бол! Болмаса кешігеміз. Бұл бұрын қосылмаған, тың ат. Әбден «таңасырып» бойындағы ыстық-суығын алып, аттың тоғын шайқап, етін ширатып, пісіреміз. Таңасқан аттың түгі құлпырып, жанары нұрлана береді. Үш қайтара таңасамыз. Мұны – «атты қайыру» дейді. Жақсы қайрылған аттың жаратуы да оңай болады. Қаракер будан мал. Бұл «Қарабайыр» мен орыстың «Дон» жылқысынан туып тұр. Совхоздың жылқысына үкіметтің салған айғыры ғой. Анасы өзіміздің Кертөбелді туған бие. Екеуі енелес. Жаман болмас!? – деп барып қолына шәй кесесін алып, сораптап ішіп, үнсіз ұзақ отырды. Үш кесені асықпай шайқап отырып, бабымен ішті. Не ойлап отырғанын Құдай білсін? Күн ұзағына құлақтың да тынғаны осы болды. Шөлдеген де шығар.
– Әке, онда ертең келейін. Маған рұқсат беріңіз? – деп ойын бөлдім.
– Дұрыс, айналайын! Уәде орнында болсын. Қожекеңе сәлем айт! Өзім де жолығармын, – деп жатыр.
Ас қайырып, орнымнан тұрдым. Үйге келе жатып жарты күнде үйренген, көрген істерімнен соң бір жола, «ат сейіс боламын», – деп шештім. Біздің үй қонақсыз болмайды. Бүгін үйдегі қонақ күту, мал жайлау, отын-су дайындау, сабақ оқу – бәрі қалды. Апам да сыбағамды дайындап қойған шығар. «Тәуекел!» деп үйге тарттым. Айтқанымдай болды. Үйге кіргізбей-ақ сырттан апам шаңымды қағып, топырағымды суырып бастады:
– Келген адамның артына мініп тұра қашқаның неден. Оқу киіміңді неге шешіп кетпедің, жөніңді айтып кетпедің, біреудің атына шауып өлейін деп жүрмедің, Сонымен... енді еш жаққа бармайсың! Сабағыңды оқып, шаруаңды жайға! – деп жатқанда үйден жөткірініп, дыбыс беріп сыртқа дәрет алуға әкем де шықты-ау. Апамның сөзі сол жерден тоқтады. Атып тұрып қолына құманын ұсынып жатқанымда:
– Жау қырылып қалды ғой, балам (сөзінің салты). Аман-есен келдің бе? – деп, ол кісі де қобалжулы екенін білдірді. Енді бұл кісі қоштамаса, онда тындық. Қартекеңе беріп келген уәдем анау. Қарагердің ертең «таңасқанын» үйренуім керек, алда бәйге. Әкем дәрет алып қайтқасын, құманы мен легенін алып, бет орамалын дайындап үйге бірге кірдім. Әкем асықпай дәлізде отырып дәретін алды. Құптан намазына дейін уақыт бар. Төргі бөлмеге өтіп жайнамазын жәйдым. Үстіне отырып таспиғын тартты. Жүрелеп алдына отырдым. Сәлден соң:
– Я, балам, қайда болдың? Шешең әбігер болып жүр ғой? – деп сұрады. Бар жұмысымды жіпке тізгендей баяндадым. Берген уәдемді, айтқан сәлеміне дейін жеткіздім. Әкем тыңдап отырып, орамалы мен суланған көзін сүртіп қояды. Күліп отыр ма, жылап отыр ма, белгісіз, орамалымен бетін жиі сүртіп отыр. Өзім тоқтамай сөйлеп отырмын. Тоқетері: – "ат сейіс" болатын болдым! – деп аяқтадым. Сол кезде ту сыртымнан:
– Мынау ұл, Қартаңбайға бала болып келген ғой! – деген апамның дауысы шықты. Жалт қарасам апам да күліп отыр. Сол кезде әкем:
– Айналайын, жақсы болған екен! Қартекеңнің айтқанын істе, ұятқа қалдырма. Үлкенге көмек бергеннің сауабы тиеді. Үйренгенің өзіңе жақсы балам, – деп намаз оқуға ыңғайланды. Апам:
– Әй, «сейіс» жүр тамағыңды іш! – деп жәйбарақат күйге түстік-ау. Осылай негізгі мәселе шешілді. Ертеңіне Қартекең айтқан уақыттан ерте келдім. Ол кісі әлі қорада екен:
– Ассалаумағалейкум әке!
– Уаликумассалам! Қожа бала келдің бе? Онда атты аунатайық. Сосын суарып, ерттейміз. Ат отын алып болды, –ыыыыы деп аттың желдікше жабуын алып, жалаңаштап далаға шықты. Қаракер аттың беденінде кемістік жоқ екен. Кеудесі биік, артқы тілерсегі жүргенде сыртқа айнала теуіп, бота тірсек алшаңдап барады. Барынша қабырғалы ірі мал көрінді. Ізінен ере шықтым. Арнайы төгілген шеге құмға тұмсыған төсеп, сыза түсіп аунады. Жануар екі жағына тоқтамасы үш-үштен, алты асып аунап түсті. Атып тұрып дүр сілкініп, шылбырдың бойын айналып, құлағын тігіп дарияның арғы бетіне қарап, қоңыраулата кісінеді. Қаракердің дауысы осы жолы жүрегіме әсер еткендей болды. Сейіс атты суарып сыртқа байлады. Қораның керме ағашындағы сыртына айналдырып кептіріп қойған бастырық жабуды өзі алып жатып:
– Әй, қожа! Терліктерді ала жүр! – деп жұмыс қайта қызды. Атты айнала өбектеп баладай баптап жүр. Ол кісінің атқа деген ілтипатының белгісі әр қимылынан белгілі болып тұр. Таза шүберекпен аттың қипақтап қарсылық көрсеткеніне қара-мастан, көзін, танауының ішіне дейін сүртіп, қолтығы мен екі шабының арасын, тышарлығының айналасына дейін жуып жатып:
– Жылқы адам тағылеттес мал. Тазалықты жақсы көреді. Сылап-сипасаң мал екеш-мал да, түсінеді. Аттың терлігін күнде жуып отыру керек. Терлік ширатылып аттың арқасына батпайтындай етіліп, арнайы тігіледі.Термен қатып тұрса аттың арқасын ойып тастайды. Атты қайырған күннен бастап арқасына күн тигізбей жабудың астында ұсталады. Алыс сапарға шығарда да атты алдын ала «таңасырып» дайындау керек. Атың аяғына ши түспейді. Қаракер далада адау жүрген мал. Күнқақты болып, ет пен терінің арасы өлі еттеніп кеткен. Енді былауға салғандай, бастырық жабумен сондағы тердің көзі ашылсын деп атты суытып, қайырып, жаратамыз. Соңыра бабына келгенде мына қатып тұрған терілері, жібектей есіліп, аттың түгі құндыздай құлпырады, – деп жүріп, әңгімені айтып та болды. Атты ерттеп те болды. Тізгінін ерге қаңтарып, сосын барып маған назар аударған Қартекең:
– Әй, бәрекелді, қожеке! Жақсылап киініп келіпсін. Енді үйге кіріп, айран ішіп ал – деп өзі бастап жүрді. Ой, Алла-ай! Кешегі жан алып, жан берген айқай-шудан ештеңе қалмағандай, басылған. Үйге кіріп, қолымды жуып, апаймен амандасып төрге өттім.
– Айналайын, Алмасжан, жақсы келдің! Бір кесе қаймақ түсіріп қойдым. Нан қосып жеп ал, - деп жатыр.
– Сізге де құяйын ба? – деп еді. Оған сейіс:
– Қазір қожа баланы жолға салғаннан кейін, жайланып шай ішемін, – деп, әңгімесін жалғады:
– Ал қожа бала, мұқият тыңдап ал! Қазір батыстағы қорымның оң жағымен үлкен жолға түсесің. Бір жол – Тағай, Кекіреліге қатынайтын. Барар жерің Тектұрмастың бұлағы. Басында қалың қамыс өскен. Сол жерден кері қайтасың. Бару-қайтуың қырық шақырым болар. Атты үстінде отырып астауынан суарып ал. Неше жұтқанын санап отыр. Бұл ат ауыздығымен іше береді. Жерге түссең ауыздығын салдырмайды. Бойына суын таратпай, ішіп болған бойда кейін жүріп кет. Неше жерде тышқан-сигеніне дейін санап отыр. Келгесін сұраймын. Аттың кешегі жүрісімен қозға. Бүгін одан да жүрдек отырар. Жолдың төрт жерде қауіпті тұсы бар. Сол жерлерді байқап отыр, жаттап ал. Ертең бәйгеге шапқанда өзіңе оңай болады. Мәшине батқан жерлердің қырқасында малдың жалғыз аяқ іздіктері бар, белгілеп кет.
Ас-су ішіліп болып:
– Алла пешенеңді ашсын! – деп батасын беріп, орнымыздан тұрдық. Қаракер ат жерқазықты айналып өзін-өзі кездіріп жүр екен. Қартекең:
– Бүгін ат сергек. Жеңілдеп қалды. Үш «таңасқанда» қолға келеді, – деп өзінен-өзі сөйлеп, шынтағымнан демеп атқа отырғызды. Тізгінді қақаным сол, ат жеңіл қозғалып жолға түсті. Әйтпенбеттің бауын жағалап, Қуаңдарияның көпірінен өтіп, батысқа қарай созыла көшкен айдау жолға түстім. Көрмеген, бармаған Тектұрмастың бұлағын тәуекел деп, сейістің сілтеуімен бетке алдым. Көңлімдегі күдігім де сол. «Ортан қолдай жігіт адам, аттан құлайтын ба еді?», – деген, Қартекеңнің сөзі демеу болып, ерге нығыздалып отырдым. Тәуекел! Қаракер ат сулық қағып бір шекелеп, басын екшеп тастап, теңселе басып жайқап келеді. Жорта түсіп, қайта аяңға көшеді. Ашық аспан, алшағыр күн шекеден қарап жебедей шаншылып, от кірпігін жерге қадап тура алдымнан шықты. Өкпек жел аңызақтанып, от көсегендей орай соғып аптап ыстық күшінде тұр. Қызыл құмның жусанды даласының иісі көкірек сарайымды ашып, Қарагер аттың бұлаң құйрық жүрісімен даланың төсіне еміне ұмтылдық. Қартекең айтқандай жол өте күрделі екен. Әсіресе сортабан жерлердегі мәшине батқан жыралар мен қия құмның қабағындағы сексеуіл төсеген жерлерден айналып өтпесе, аттың аяғын сындырып, мертіктіруіміз мүмкін. Жолдың ой-шұқырын қалдырмай бақылап келе жатырмын. Бұл сапардың талабы осылай. Күн ұлы төске еңкейген тұста жолдың оң жағындағы аспанға қарап шаншыла қадалған ұзын темірге де жеттім-ау. Сейістің айтуында «осыдан әудем жерде» Тектұрмастың бұлағы болуы керек. Айтқандай-ақ ну қара қамысты бұлақ та көрінді. Айналасы тай шаптырым балауса құрақты, айдын көлді шөл далада кім көрген? Үйрек, қасқалдақтар жүзіп, қамысқа кіріп-шығып жүр. Басында мал қарасы бар екен. Қаракер құлағын тігіп екі-үш қайтара қоңраулата кісінеді. Сиыр мен саяқ аттар екен. Бір бөлек саяқ жылысып көлдің шетіне ойысты. Күйсеп, көлбеп жатқан сиырлар сол күйі міз бағар емес. Ат жүрісін баяулатып, су тола астауға келіп тоқтадым. Қаракер астауға аузын салмай, басын екшеп жағалап барып, труба темірден қайнап шығып жатқан бұлақтың тұнығынан ауыздығын сақырлатып аузын шайып, сосын барып сіміре ішті. Санап тұрмын. Он үш қайтара жұтты. Сосын басын көтеріп қайта аузын шайып, тағы үш қайтара сімірді. Жіліншіктен кешіп тұрған судан өзі шықты. Жануардың бұлақ басындағы малдың сарқыншағынан адамша жиреніп тұрғанын біліп, шеткері жел бетке шығарып тоқтадым. Ат сол жерде ішін босатып, тезегін тастады. Есепке бәрі керек. Ердің басындағы мұтырадағы суымды алып, ат үстінен еңкейіп бетімді шәйіп, екі ұрттап су іштім де, қайтып жортып жолға түстім. Тұма бұлақтың салқын суы, атты сергітіп жіберді. Қаракер ауылға қарай көсем жортып, аяғын топтап лекітіп, желігіп кетті. Тізгінді сүзе тартып, табандай түсіп қайта аяңына көшіп құлағын қайшылап, басын екшеумен келеді. Ерік өзімде болса, екі-үш төбеден асырып жіберіп алатын жер. «Көреміз кейін» деп қойдым. Ауылға жақындап, күн сол иығымның тұсына келгенде ауыл сыртындағы бейітке жақын адыраспанды ақ төбеге шыға келдім. Қартекең көрінбейді. Ол кісі, Қуаңдарияның арғы бетінде үйінің алдында қолын күнқағар қылып қарап тұр екен. Ақ дамбал, ақ көйлек, қара жеңсізі, басындағы тақиясының сыртынан ораған орамалы ағараңдайды. Сірә, дәрет алып жүрген болуы керек. Ауыл шетіндегі көпірден өтіп, ат қораның алдына келіп тоқтадым. Қартекең күтіп алып «айналайын-айналайындап» жүр. Атқа айтылып жатқаны-ау. Енді аңғара бастадым. Жерге түскенде білдім, екі аяғымның сан еті ұйып, мамырлап қалдым. Қартекеңнің бар зейіні атта. Қалың жабуын аударып, терлігіне дейін ауыстырып, жеңіл жабумен қайта жауып, айналсоқ жасап қойған жер қазыққа атты байлап, тізгінін ашағына қаңтарып қойды да:
– Ал, қожа бала, жуынып-шайынып үйге кір. Ат енді осылай қаңтарулы, таңның бір қараңғысына дейін тұрады. Мұны атты «таңасыру» дейміз. Әбден терін үгіп, ыстық-суығы басылған соң барып жемін іліп, отқа қоямыз. Ат ішін тазартып, қу тезектерін тастайды. Аттың бойындағы жел-құз, аяғындағы сарсық болса «таңасумен» кетеді. Ат тазаланады. Ертең ерте, атты жылы сумен шомылдырып, қырғышпен тазалаймыз. Әне, сонда көр, Қаракер атты!? – деп желпініп сөйлеп жүр. Одан әрі:
– Атты «таңасырмай» мінуге болмайды. Семіз ат қызылмай болады. Қызыл май болған ат қайтып қосуға келмейді. Аттың аяғынан қалуы да, сол суытудың кемдігінен. Шауып келген атты кемінде үш-төрт сағат кездіру керек. Аяғына қан түсіп ақсамас үшін. Бүгінгі ат қосқан ақымақтарға бәрі бір. Кертөбелді қосқаныма он жыл болды. «Сейістің тәуірі – атты ақсатпаған адам», – деп, отыратын үлкендер. Біз ат ақсату дегенді білмейміз.
Сөзінің аяғын жүре тыңдап, жуынып-шайынып алуға есіктің алдында ағып тұрған кранға қарай беттедім. Сол кезде Қартекең:
– Әй, қожа бала! Ұзақ жолдан келіп ыстықтай, мұздай суға түспе. Атқа шауып келген бойда, мұздай су ішпе. Өкпеңді алып кетеді. Есіңе сақта. Үйде жылы су дайындатып қойдым, соған жуын! – деп ақылын айтты...
Осылайша араға бір күннен салып атты үш қайтара «таңасырғанда» Қаракер ат мүшеленіп, оқтаудай жұмырланып, мылтықтың құндағындай сынына келіп кетті. Маған Қартекең қолынан бәрі келетін ғажайыптардағы сиқырлы жандай көрінді. Қаракер де бұл кісінің тілін түсінгендей ыңғайына қозғалып, әдепкі көргендегі ұшқалақ мінезін пышақ кескендей тоқтатты. Әсіресе құйысқандығына қол тигізбейтін жүйрігім, астынан адам өтсе де тұра беретін, байсалды күйге түсті.
Сонымен аттың «Суына тиетін» күн де жетті. Кластан-класқа көшкен оқушыдай жақсы үлгеруге барымды салып жүрмін. Дастарқан басына жайғасқан соң Қартекең:
– Ал, қожа бала, сөйле кәнеки? Қалай барып-қайттың? – деп, сұрақ қойып, сынап қарап отырғанын сездім. Түгел баяндап бердім. Жолдың қауіпті жерлерін, су ішкенін, ұрынып шаппақ болғанын, бәрін-бәрін т.б. Ол кісі, қызық ікая тыңдағандай ықыласын салып отыр. Айтып болуым сол, Қартекең:
– Міне, кемпір, адам – осылай болуы керек! Жарықтық, тәрбиесі ғой! Ой, айналайын-ай! Сенен сейіс шығады. Бүгінгінің баласы:
«Қатын алсаң байталдай,
Бала туат шайтандай,
Бір жұмысқа жіберсең,
Қайтып келет айта алмай», – деп, баяндамақ тұрмақ, көрсеткеніңді істей алмайды ғой. Ой, айналайын-ай! Тіпә-тіпә! – ырымдап, түкіріп қойды.
– Ал, енді шәй-суыңды ішіп отыр, құлағың менде болсын. Ертең аттың бірінші «суына тиеміз». Жаздың айы. Күн ыссы. Күніне аттың екі мәрте суын шайқамасақ, ат шөлдейді. Шөл қысқан мал дұрыстап отын ала алмайды. От-суын дұрыс алмаған ат жаратуды көтермей бұратылып қалады. Мұны бір есіңе сақтап қой! – деп аузына ащы кәмпиттің бір жаңқасын атып жіберіп, кеседегі шәйін оң қолының төрт саусағының ұшымен кесенің түбінен толғап тербетіп, сораптап ішіп отырып қалды. Үйде тыныштық орнады. Ызыңдаған самаурын мен шәйді үрлеп ішкен сейістің сарыны ғана естіледі. Өзімнің енді бұл өнерге шындап ықыласым ауды. Әкеме айтып, жүйрік ат алдыруым керек. Ол кісі қалай қарайды? Апам ше? Ойды қуалап отырғанымда, сейіс әңгімесін әрі жалғады:
– Сондықтан, ертең сағат 9-дан қалмай, бірінші суына тиеміз. «Меңейдің» жолымен шығасың. Өткендегі жерден қайтасың. Ат бастырық жабумен мықтап ерттеледі. Бұл жолы атты табандатып, желдіріп отырасың. Шауып кетпесін. Қайтуда да солай. Атты ұрындырма. Сулыққа сүйеп, тізгінмен басқар. Атқа сол әдет болады. Ат та адам тағылеттес. Айқайлама, тепсінбе. Келгеннен соң бие сауым кездіріледі. Әбден терін үккеннен соң орнына байланады. Бір сағаттан соң жем-шөбіне қойылады. Бас-аяғы екі сағатта көлеңкеде тұрып ат отын алып болады. Түс қайта сағат 4-те екінші суына тиеміз. Одан соң суытып, кездіріліп түнгі от-суына қойылады. Аттың әр суына тигенде қабағына қарап, тәңертең баладай мәпелеп сөйлесуің керек. Не жетпей тұр – өзі айтады. Бұл жарықтықта тіл жоқ демесең, адамнан зият жануар ғой! – деп бір тоқтап, шәйға кірісті.
Ертеңіне айтылған уақыттан ерте келдім. Ойым, алдын-ала істеліп жатқан жұмыстарға көмектесу, үйрену. Сейіс қуанып қалды. Атты жалаңаштап тазалап жатыр екен. Ізімнен күйеу баласы Әйтпенбет ұста кірді. Қауыр-жауыр амандасып болып, ағаш қолшасы бар жәшігінен аспаптарын ала бастады. Қол алысып амандастым. Бұл кісі де ат қосады. Әйтпенбеттің Торы аты – бұл да шауып тұрған ат. Қаз мойын, тобылғы торы, жүректі мал. Әйтекең орта бойлы, ақсары селдір сақал-мұрты бар, көп сөйлемейтін, істің адамы. Қаракер аттың тұяғын жонып, тазалауға келген екен. Қартекең:
– Көлге түсіп жайылады. Тұяғын, жүрекшесін мұқият тазаларсың. Қалайда, кәрі биенің құлыны тұяғынан сыр береді ғой?! – деп жатыр.
Әйтекең іске кірісті. Алжапқышын байлап аттың мінер жағындағы аяғын екі тізесінің ортасына қысып, табанын тазалап, темір атауыз қайшысымен қолдың тырнағын алғандай етіп, аттың тұяғын қасықтай қылды. Содан соң өткір пышағын алып, жүрекшесін айналдыра тазалап, артық өскіндерін жонып алып тастады. Қасында үңіліп қарап отырғанымды көріп, жұмысын істеп жатып Қартекеңе:
– Мына, қожа балаңыздың талабы қалай екен? Не дейді? – деп сұрақ қойып жатыр. Ол кісі аттың жабуын аударып-төңкеріп отырып:
– Ол, қожаны маған құдай жеткерді. Балаң «Кертөбел болмаса, басқа атқа шаппаймын», – дегесін екі-үш үйге барып бала сұрасам, қапындырып, аттан құлап жазым болады деп, не болса соны айтады. Атпен мектептің алдынан өтіп бара жатсам бір топ бала үйіне қайтып бара жатыр екен, ішінен біреуі бөлініп жеке шықты. «Ай, осы бала болады-ау» – деп, атпен ізіне түстім де отырдым. Айдап тура қожекеңнің үйіне барды. Сол үйдің баласы екенін біліп сырттан дыбыстап едім, алдымнан сәлем беріп өзі шықты. Атқа мінгізіп барымталап алдым да кеттім...
– Оу, қожекеңнен баласын сұрамай алып кеттіңіз бе? – дегені сол еді:
– Әй, сұраған баланы беретін болсаң, өзің неге бермедің а...а!? Не болса соны таңырқатып отырасыңдар.
Аяқ астынан айқай көтерілді. Әйтекең де жұмысын аяқтап, аспаптарын жинай бастады. Қартекең Қаракерді орнына байлап, жабулап ерттей бастады. Әңгіме енді аттың «суын алға» ойысты:
– Ал, айналайын! Бүгін аттың суына тиеміз. Атты бастырық жабуымен мініп, Тектұрмастың жолымен осыдан бес шақырым жердеге мәшине батқан өр қабақ бар ғой? Сол жерден қайтасың. Атты төбеден төңкермеге қарай жіберме. Жазық жерден қабаққа қарай жібер. Төбеден ойға қарай қатты жібергенде ат аяғын шабады. Шашасын аударып тастайды. Бәйгеге шапқанда да солай дағдылан. Барғанша атты табандатып отыр. Шауып кетпесін. Үзеңгіге аяғыңды тіреп көтеріліп отыр. Желісі ірі мал. Соғып тастайды. Бір қалыпты табандатып отыр. Ұрындырма. Ат та соған дағдыланады, – деп айтып та болды, атты ерттеп те болды. Атты суаруға шығардық. Қаракер мұздай бұлақтың суынан аузын шәйіп, сосын он төрт қайтара сіміріп ішті де, судан тез шығып дүр сілкініп, әдетімен қоңыраулата кісінеді. Құлағын тігіп, жанар оты шоқтай жанып тұр. Сейіс, шынтағымнан сүйеп мінгізіп:
– Бірден жорытып кет. Көпірден өте табандатып отыр. Өзім төбеден күтіп аламын, – деп дұғасын жасап, қала барды.
Қаракер сулықты сүзе керіп, жолға түсті. Бейне, Қартекеңнің сөзін ол да өзіммен бірдей түсінгендей желе түсіп, қайта жортып келе жатыр. Көпірден айналып үлкен жолға түскен соң, басын босатып жібергенім сол еді, ердің қасы құйрығымнан қағып жіберді. Аттың желісінің қаттылығы сондай, үстінде адам отыру мүмкін емес. Жылдам үзеңгіге тұрдым. Тас табан, көк аяз болып қатып қалған мәшина жолдың бойымен тас көшеде келе жатқандай жаңғыртып, Қаракер аршындай жөнелді.
Табандап желіп келе жатып, сүзе жұлқып басын екшегенде қар-білегімді үзіп жіберердей қатты сілкіді. Кіндігіммен қамбас ердің басына қадалып қала жаздадым. Аттың мінезі шалт өзгеріп, танауы парылдап, жағын қайзап жұлқып келе жатыр. Алдыңғы екі аяғын қадап тастауы, үстіндегі адамға өте жайсыз екен. Жабайы желіс. Аттың да бұл сынаққа бірінші түскені білініп келе жатыр. Әбентайдың «Ол, атқа сен шап!» – деген сөзінің мәнісі енді белгілі болды. Қаракердің тізгінімен алысып келе жатып, сейістің белгілеген төбесіне қалай жеткенімді де білмей қалдым. Қарсы қабаққа тіке салып, басын тартып төбенің ойына түсіп жазық жеріне дейін аяңдатып жүргізіп, ерге отырып аяғымды суытып, тынығып алдым. Бұл уақытта, аттың тері де моншақтап, иегіне құйылып, қос жанары шамдай жанып, танауы үлпершектей үлбіреп, сынайып, сұлуланып кетті. Қалың жабудың астынан аққан тер шашасына құйылып, ат құлындай ойнап тұр. Қайтарып жолға салдым. Жануар салғаннан аршындай басып, сулықты шіреп, сүзе ұмтылды. Жері жұмсақ па, әлде үйрене бастадым ба, әзір әуелгідей соқпай келе жатыр. Қарсы қабаққа келгенде екілене ұмтылған Қаракер, төрт тұяғынан топырақты оқтай атып, ауыздықты бір шекелей басып, қара жерді құлаштап жинап, жер апшысын қуырып келеді. Аттың желісі бұрынғыдай ірі емес, бауырын жазып терлеген соң жайлы бола бастағанын сезіндім. Әне-міне дегенші төбенің басынан Қартекең де көрінді. Аттың басын сүйеп тартып келемін. Төбенің баурайына жеткенде басын тежеп, сейіске қарай бұрылдым. «Айналайын, жәй-жәй!» – деп жүгіре басып, аттың шылауынан алып, омырауына қолын салды:
– Ой, айналайын-ай! Жақсы тер берді! Жақсы екен, жақсы екен! Енді кездір, кездір! Ыққа жүріп, желге қайтар! Ыққа қарай кездіргенде аттың бойында тер қалмайды. Әбден төксін. Жәй жүр. Ауанымен қозға. Желіктірме. Ауылға жақындама. Екі сағатта терін үгеді! – деп, шибарқыт жеңсізінің омырау қалтасынан шынжырының жартысына жіп жалғап, түйреуішпен омырау қалтасының ішкі бетіне түйреген, көне қалта сағатын алып қарап жатыр... Көзәйнегінің де бір құлағы сынық. Қара жіптен есіп, құлағына тартып кигізіп қойған. Атты кездіріп кете бердім. Артымнан:
– Әй, Қожа бала! Мен қораға бара беремін. Тура екі сағатта қайтар атты! –деп ойдағы есегіне беттеді.
Айтқан уақытына қораға келдім. Кездіріп жүргенімде ат сілкініп, терін үгіп, сиіп, тезегін тастап болып бойы сергіп тұрған. Тағы да сейіс өбектеп айналайындап жүр. Аттың қалың жабуын алып, жеңілдеп жабу жауып, ашаған тартып қаңтарып қойды. Қаракердің тұлғасы кесектеніп, топшысы айналып, сан еттері білемденіп, сауыры төңкеріліп, жаңбырлығы ашылып, жошына келіп тұр екен. Ішімнен «тіпә-тіпә» деп қойдым. Сейіс:
– Осылай шамалы тұрсын, сосын отқа қоямын. Сен, үйде кемпір айран көже дайындап қойды, соны ішіп ал. Тез кел! – деп бәрін қабаттап айтып жатыр.
Сонымен, аттың күніне екі реттен, он күн суына тиіп, «ащы терін» алатын күнге де таядық. Өзім де іске жегін, ысылып қалдым. Қаракер болса Қартекеңнің ыңғайын қабағынан түсінетін күйге жетті. Бүгін ерекше күн. Бағана сағат сегізде келдім. Сейіс атқа жемін қақтырып, қөк құраққа қойыпты. Өзі шәй ішуге үйге кірген секілді. Қаракер қораға кіргенімде құлағын қайшылап оқыранды да, ақырға басын қайта қойды. Жануар сүңгідей сынайып, жал-құйрығын тарағасын мылтықтың құндағындай жұмырланып, жарауына түсіп келеді. Үйірдегі арқыраған айғырдың сейістің қолына түскенде, мектептегі өзімнің күйіме түсіп, жіптіктей болатынына көзім жетті. Аттың айналасын тазалап жатқанымда сырттан Қартекеңнің дауысы шықты:
– Ал, қожа бала келдің бе? – деп қораға кірді. Күндегіден де ширақ. Одан әрі:
– Бүгін аттың «ащы терін» аламыз. «Меңейдің» жолымен шығасың. Ат ояға келді. Атты қалың жабумен мініп «Меңейдегі» өзіңнің бақшалығыңнан қайтарасың. Бұл жолы атты текіртіп шауып отырасың. Барғанша сол шабыспен отыр. Ат терінің көзін ашып, бойы жеңілдегенше солай отыр. Қайтарда да сол шабыс.
Алмас Алматов.
(жалғасы бар)