ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылордадағы қайта жаңғыртудан өткен 169/5 түзеу колониясының тарихында тұңғыш рет жазасын өтеушілер арасында спартакиада басталды.
Қазіргі кезде мұнда 400-ден астам адам бар. Облыстық «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігі спорттық шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Сотталғандар мен бостандыққа шыққандарды қоғамға бейімдеу» атты әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырып отыр. Спартакиада тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Ашылу салтанатында түзеу мекемесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрлыбек Садықов, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ-нің төрағасы Серік Теңізбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселелері басқармаларының өкілдері сөз сөйледі. Серік Теңізбаев жазасын өтеушілерге 40 дана спорттық үлгідегі киімдер табыстады.
Айта кетейік, темір тордың ар жағындағы жарыс спорттың 10 түрі бойынша өтеді. Бүгін 5 отряд командалары керек-жарақпен жабдықталған алаңда доп теуіп, бақтарын сынауда. Спартакиада нәтижесімен үздік спортшылар мен командалар 28 тамызда марапатталады.