Қол астындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін оның басшысы да жауап береді
Енді қоластындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін оның басшысы да жауап береді, деп хабарлайды astanatv.kz.

«Жемқорлық әрекеті анықталған қызметкердің тікелей басшысы дисциплинарлық жауапкершілікке тартылады. Ол Президенттің бұйрығымен жүзеге асады. Қылмыстың деңгейіне қарай жаза сөгістен бастап, жетекшінің қызметінен босатылуына дейін баруы мүмкін», - ҚР МҚСЖҚ іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова.