«Ақша бөлінеді, бірақ нәтиже жоқ» – М.Әбенов
«Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес көпбалалы отбасылардың проблемасын қатаң бақылауға алады. Бұл топ халық кірісін арттыру және жұмыс істейтін аналарды қолдау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге кіріскен, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz astana.tv арнасына сілтеме жасап.

«Әрбір мемлекеттік орган бюджетті өзіне қарай тартады. Таласады. Ақыр соңында оларға көп ақша бөленеді, бірақ нәтиже аз. «Нұр Отанның» бастамасы бір жағынан мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін біріктіреді, екіншіден қоғамды, бизнесті де шақырады. Ал, бөлінетін қаржыны реттесек, мәселе де шешіледі», - дейді «Серпін» ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов.