Қазақстанда бүгін қар жауып, жел күшейеді
Қазақстан аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.
Соған байланысты жауын-шашын, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында таулы аумақтарында - қатты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейді.
Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, Шығыс-Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болуы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 км жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз Солтүстік-Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.