Сыр жастары 200 адамды тегін тамақтандырды (видео)
Қыстың қытымыр аязында қызылордалық жастар 200-ге жуық қоғамдық жұмысшы мен базар маңындағы өзін өзі жұмыспен қамтушыларға ыстық тамақ пен шай таратып көпшіліктің алғысын алды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz
Шараны ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты "Жастар ісі" секторы мен қалалық «Сұлтан» мешітінің өкілдері ұйымдастырған. Жастардың бұл бастамаларын облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен қала кәсіпкерлері де қолдаған.
«ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің бас имамы Болатбек қажы Әбуов бастаған жастар бүгін игі іс жасады. Бұл шара өткен жылы да мешіт қызметкерлері ұйымдастырған. Биыл сол шара жалғасын тапты. Бірақ бұл жолы көмек алушылардың қатары көбейді. Аталған қайырымдылық шарасының мақсаты халықтың жүрегіне жылулық сыйлау. Жастарды жақсылық жасауға баулу», -дейді "Жастар ісі" секторының үйлестірушісі Серік Әбіл.