21 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар
1929 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің барлық партия ұйымдарына арналған «Еңбек тәртібін нығайту туралы» хаты жарияланды. Елдегі еңбек тәртібінің қатайғаны соншалық, жұмысқа себепсіз кешіккені үшін соттай салу, түрмеге жауып тастап әдеттегі іске айналды.
1969 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жіберілген «N-1» зымыран тасымалдағыш 70 секундтан кейін жарылып кетті. Бұл кеңестік зымыран Айға жетуі керек болатын. Зымыран ұшыру үш мәрте сәтсіздікке ұшырағаннан кейін жоба тоқтатылған.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Экстремизмге қарсы әрекет туралы» Заңға қол қойды.
2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақтың танымал композиторы, музыкалық білім негіздеушісі, Қазақ Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Ахмет Жұбановтың кеші өтті. Кеш А.Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы аясында өткізілді. Режиссер Қалила Омаров «Ахмет Жұбанов» атты жаңа деректі фильмін ұсынды. Композитордың ұрпақтары фортепьяно туындыларымен, Құрманғазы лекцияларын, «Ахмет Жұбанов» кітабін ұсынды. Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев Германияда Майниген қаласындағы опера театрының директоры және бас дирижері, «Атам туралы ойлар» туындысын орындады.
2008 жылы Семейде көконістерді кептіретін және қайта өңдейтін зауыт ашылды. Оның жоба қуаттылығы - тәулігіне бір тонна өнім шығару. Зауыттың технологиясы қалдықсыз өнім шығару. Бұрын екінші сортты көкөністерді лақтыруға немесе малдарға беруге мәжбүр болатынбыз. Енді олар кептіріледі, нарықта сұранымсыз өнім қайта өңделеді, оны қоспа, жылдам дайындалатын сорпа және дәмдеуіштер жасайтын қазақстандық кәсіпорындар сатып алуға дайын. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Жабдық Санкт-Петербор қаласынан әкелінді. Қаржылай көмекті мемлекет жасады.
2008 жылы Астанада ерлі-зайыптылардың репродуктивті денсаулығын сақтауға арналған Отбасын жоспарлау және репродукциялау орталығы ашылды. Орталық бедеулікті және нәрестенің құрсақта жетілу кезеңінде кездесетін ауытқулар мен генетикалық ауруларды емдеуде амбулаториялық-консультативтік көмек көрсетеді. Орталық барлық құрал-жабдықтар және зертханалармен жарақтанған.