Райм мен Артурдың сәукеле жайлы түсірген бейнебаяны бір күнде хит болды (видео)
Эстрада жұлдыздары Райм мен Артур қазақтың ұлттық бас киімі сәукелені ұлықтаған әніне бейнебаян түсіріп, жарыққа шығарды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
18 ақпанда интернетке жарияланған клип 320 мыңнан астам көрілім жинаған. Яғни бір күннің ішінде танымалдыққа ие болды.
Айта кетейік, бейнебаянға Жанар Айжанова, Альбина Шардарова, Нагимуша сынды елге белгілі қыз-келіншектер түскен.