Сыр өңірінде 597 ауған соғысы ардагері бар
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов «Ауғаныстан соғысы ардагерлері» ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Баймахановтың еңбегіне әріптестері атынан ықыласын жеткізіп, арнайы алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
«Сыр елінде барлығы Ауған соғысына қатысқандар саны – 643. Іс-түссіз жоғалғандар саны – 5, қайтыс болғандар саны – 10. Қазіргі таңда ортамызда 597 ардагерлеріміз бар. ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан 627 ардагерге «Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 30 жыл» атты мерекелік төсбелгісі табысталды, - деді ҚІЖД Тәрбие, идеологиялық әскери-патриоттық жұмыстар және ҚР ҚК ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы майор Е. Абдуллаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштері Ардагерлерінің» Республикалық қоғамдық бірлестігінің орынбасары запастағы подполковник А.Байсопақов пен «Ауғаныстан соғысы ардагерлері» ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Баймаханов алда келе жатқан ҰОС 74 жылдығына орай, ұйымдастырылатын іс-шаралар жөнінде өзара пікір алмасты.