Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінің аудио нұсқасы
oldkaz.kyzylorda-news.kz түрлі жанрдағы ақпараттардың аудио нұсқасын жариялауды қолға алды. Ең алдымен жазушы Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесін ықшамдап, аудио нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Оралхан Бөкейдің "Апамның астауы" атты әңгімесін сезімсіз оқу мүмкін емес. Бүкіл жан-дүниеңіздің терең қатпарын қозғап, жаныңыздың түкпірінде жасырынған анаға деген махаббатыңыз одан сайын арта түседі. Көзіңізге ыстық жас үйірілсе анаңызға деген ұлы махаббатыңыз деп түсініңіз, құрметті оқырман!