Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі журналист Нұрділдә Ораз ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ресми өкіл-баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі, ҚР Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, «ОРТ-Еуразия» телеарнасы бас директорының орынбасары болды.
Айта кетерлігі, бүгін министрлікте жаңа тағайындалған кеңесші әрі Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысын таныстырған ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев оған БАҚ-пен жұмысты үйлестіру әрі ұйымдастыруда жемісті еңбек тіледі.