1 наурыздан бастап электрмен жабдықтау қызметінің орташа босату тарифі төмендейді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Онда табиғи монополия және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерін төмендету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтылды.
Белгілі болғандай 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның жылумен жабдықтау қызметінің қолданыстағы бағасы 1,2 пайызға төмендетіліп уақытша өтемдік тариф енгізілген. Сонымен қатар, «Энергосервис» ЕЖШС-нің электрмен жабдықтау қызметінің бағасы орташа 3,6 пайызға төмендетілді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Департаментпен:
«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның ҚҚС-мен текше метрге:
- тұрғындар үшін: сумен жабдықтау қызметіне 61,20 теңгеден 47,31 теңгеге немесе 22,6 пайызға, сарқынды суды бұру қызметіне 60,56 теңгеден 53,66 теңгеге немесе 11,4 пайызға;
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның жылумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен 1 Гкал-ға:
- есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін 2112,73 теңгеден 2014,20 теңгеге немесе 4,7 пайызға,
- есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 3819,27 теңгеден 3401,79 теңгеге немесе 10,9 пайызға тарифтер төмендетілді. Сонымен бірге, 1 шаршы метрге желтоқсан айымен салыстырғанда төлем 110 теңгеден 97,97 теңгеге төмендеді.
Сондай-ақ, 3 табиғи монополия субъектілерімен өз бетінше:
- «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалымен жылумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін ҚҚС-мен 1 Гкал-ға тарифі 2168,64 теңгеден 1951,78 теңгеге немесе 10 пайызға;
- «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-мен сумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін ҚҚС-мен текше метрге 61,32 теңгеден 56,47 теңгеге немесе 7,9 пайызға төмендетілді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалыныңгазбен жабдықтауқызметіне тұрғындар үшін 1000 м3 үшін ҚҚС-мен 21182,54 теңгеден 20902,93 теңгеге дейін немесе 1,3 пайызға төмендетілді.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың 3 электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың электрмен жабдықтау қызметінің тарифтері төмендетілді, ҚҚС-мен кВт.сағатқа:
- «Энергосервис» ЕЖШС – 17,04 теңгеден 16,91 теңгеге немесе 0,8 пайызға,
- «Шиелі Жарығы» ЖШС – 18,04 теңгеден 17,93 теңгеге немесе 0,6 пайызға;
- «Дәулетэнерго» ЖШС – 18,39 теңгеден 18,36 теңгеге немесе 0,2 пайызға төмендетілді.
Мысалға, «Энергосервис» ЕЖШС-і бойынша электрмен жабдықтау қызметіне жеке тұлғаларға тұтыну көлеміне қарай ҚҚС-мен кВт.сағатқа:
1 деңгей - 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағатқа дейін – 14,53 теңгеден 14,43 теңгеге немесе 0,7%-ға;
II деңгей - 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 18,73 теңгеден 18,59 теңгеге немесе 0,7%-ға;
III деңгей - 1 айға 1 адамға 150 кВт. сағаттан жоғары – 23,41 теңгеден 23,24 теңгеге немесе 0,7%-ға төмендеді.
Сонымен қатар, прокуруратураның ұсынуына сәйкес 1 наурыздан бастап 3 электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың электрмен жабдықтау қызметінің орташа босату тарифі 0,2 пайыздан 0,8 пайызға дейін төмендейді.
Қызылорда облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін төмендетуден болған экономикалық тиімділік шамамен 5,5 млрд теңгені құрады.
Департамент басшысы Гүлмира Өтегенова 2019 жылдың ақпан айынан бастап тұтынушылар коммуналдық қызметтер үшін қаңтар айының төлемі бойынша бірыңғай төлем құжаттары мен түбіртектерді төмендетілген тариф бойынша алып жатқандығын атап өтті.