Шымкентте 13 жастағы жасөспірім екі баланы өрттен аман алып қалды
Шымкентте 13 жастағы жасөспірім екі баланы өрт құшағынан аман алып қалды, - деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
16 ақпанда Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел басқару орталығына Абай ауданы Құрсай шағын ауданындағы Жаңақұрылыс көшесінде уақытша үй жанып жатқаны туралы туралы ақпарат келді. Өрт 60 шаршы метр жерді шарпыған. Үйде үш бала үлкендердің қарауынсыз жалғыз болған.
Тергеу барысында өрт сөндірушілер үйдің үлкен қызы түтінді көріп, қорқып, көршілерге көмек сұрап кеткенін анықтады. Осылайша 2005 жылғы жасөспірім, олардың көршісі анасынан өрт сөндіру қызметін шақыруын сұрап, өзі ойланбастан екі кішкентай бала отырған үйге жүгіріп кеткен. Жасөспірім дер кезінде 2013 жылғы қыз бен 2015 жылғы ұлды түтін болып кеткен үйден алып шыққан. Кейін үйде өрт шығып, оны өртсөндірушілер сөндірді.
Жасөспірімнің батылдығы екі баланың өмірін құтқаруға көмектесті. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиға кезінде ата-ана үйде болмаған. Өрт себептерін мамандар анықтап жатыр.