Польшаның 90-жастағы тұрғыны қазақстандық отбасын іздейді
90 жастағы Поляк азаматшасы Ула Котарба (Ula Kotarba) қазақстандық отбасын іздейді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Әлеуметтік желі арқылы oldkaz.kyzylorda-news.kz редакциясына хабарласқан Ула Котарбаның айтуынша, анасы, яғни альцгеймер ауруына шалдыққан қарт әжей Изабелланың Қазақстанға жер аударылғаны ғана есінде.
Изабелла Брестте дүниеге келген, 30-шы жылдардың соңында әкесі қамалғаннан кейін анасы мен апасы Қазақстанға қоныс аударған. Бастапқыда олар Итиумен кеңесіне (?) қоныс аударылған. Сонда ауруларына байланысты апалы-сіңілілер Макинкадағы ауруханаға жіберіледі. Олардың отбасында тұрмыс жағдайы қиын болды. Бірақ оларға жергілікті Устинья Мирренчук отбасының қиын кезеңдерде аман қалуына көмектесті. Устинья Мирренчук бұл отбасының әжесі мен балаларына өзінің үйінде тұруға рұқсат берді. Қамқорлық танытып, соңғы нанды бөлісіп жеді.
Соғыстан кейін Исабелла Польшаға оралады, бірақ Устинье туралы ешқашан ұмытпайды. Ол біраз жыл қатарынан хат жолдап тұрған. Бірақ одан ешқандай жауап болмаған. Тек 1970 жылы Уланы Макинкаға шақыру хаты келеді.
Көкшетау әуежайында анасымен бірге келген Изабелланы Устиньяның ұлы Петр күтіп алады. Олар Макинкаға дейін ұжымшардың директоры арнайы жіберген машинамен жетеді. Көптен күткен жүздесу болып, көл-көсір жас төгіледі, естеліктер айтылады. Кейінірек Петр інісімен бірге Изабелланың шақыруымен Польшаға барып қайтады.
Олар тағы біраз уақыт хат-хабар алысып тұрады, бірақ кейіннен байланыс үзіліп қалады. Ал олардың хаттары қазір сақталмапты.
Қызының айтуынша, Изабелла Устинья әжей туралы көп айтады. Өзі, балалары жайлы білгісі келеді. Қария Альцгеймер ауруына шалдыққан. Оның есінде Қазақстанға келгені ғана бар.
Ула анасының арманын орындау мақсатында, бүкіл қазақстандықтардан Устинья Миренчуктың отбасын іздеуге көмектесуін сұрайды.
Айта кетейік, осыған қатысты дерек табылса, +7 7242 40 02 51, +7 700 232 8933 байланыс телефондарына хабарласуына болады.