Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы
18 ақпан күні Қазақстан аумағымен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіліп, жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстігіндегі тауларда жауыш-шашын қатты болады. Еліміздің кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, Павлодар облысында оның күші 28 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-22 м/с жетеді.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдерінің ауданында жел 20-25, түнде екпіні 29 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с жетеді.