18 ақпан: Оқиғалар мен атаулы күндер
2005 жылы «Ауыл шаруашылық қожалығының Ұлттық Қауымдастығы және олардың «Қазақстан фермерлері» кооперативтерінің» Республикалық қоғамдық бірлестік және Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетінің бастамасымен фермерлердің жоғары мектебі жұмыс істей бастады. Алғашқы сабақтың тыңдаушылары Ақмола облысының Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандарының шаруа қожалықтары болды. Фермерлердің жоғары мектебінің мақсаты - қазіргі аграрлы технологиялар туралы, сапаны халықаралық стандартқа көшіру туралы, агросаладағы жұмысшылардың біліктілігін көтеру туралы ақпарат тарату.
2008 жылы Алматыда Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы актуарий мектебі ашылды. Оны Қазақстан актуарийлер қоғамы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қаржылық тұрақтылық үшін әріптестік» бағдарламасы аясында East West menegment Institute-пен бірігіп ашып отыр. Игі іске Варшава жазғы актуарий мектебін ұйымдастырушылар да атсалысты. Мектеп Орталық Азия мен Кавказдағы сақтандыру компанияларына арналған. «Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Грузия сияқты елдердің тәуекелді бағалаушы мамандары қатысуда. Бұл Қазақстан актуарийлерінің үлкен жетістігі.
2009 жылы Астанада ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бейне-порталдың (www.kaztube.kz) таныстырылымын өткізді. Аталған порталда телевизиялық бағдарламалар, танымал адамдардың жеке мұрағаттары мен отандық өнердің түсірілімдері, ертегілер, қысқа метражды анимациялық фильмдер орналастырылуда.
2009 жылы Астанада тозған көлік дөңгелектерін пайдалану зауытының бірінші кезегі іске қосылды. Инвестицияның көлемі АҚШ-тың 8 млн. долларын құрайды. Жобаны «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қаражатының көмегімен «Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС жүзеге асырды. Өңдеудің өндірістік қуаты - жылына 20 мың тонна тозған дөңгелек.
2010 жылы шетелдік сарапшылар бағалауынша, ҚР Қарулы күштері посткеңестік кеңістіктегі жетекші әскерлердің үштігіне кіріп, Орталық-Азия аймағында ең үздік деп танылды.
1979 жылы Сахара шөліне қар жауып, табиғатта адам сенгісіз жағдай болды.