Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына – 30 жыл.

Еске алу шарасы «Тағзым» алаңында өткен митингтен бастау алды. Митингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сондай-ақ «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайриддин Баймахановтар отты жылдарды еске түсіріп, өткенге салауат, бүгінге береке тіледі.
Содан соң ауған соғысында қаза болған жерлестеріміздің рухына құрмет ретінде гүл шоқтары қойылып, бақилық болған жауынгерлерге қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Нұрсейітов құран бағыштады.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.



