Қара қабылан 100 жылда алғаш рет фототұзаққа түсті
Уилл Беррар-Лукас атты фотограф Кенияда пантераның өте сирек кездесетін түрі - қара қабыланды суретке түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Фотограф кішкентай кезінен бері леопардтың осы түрін көруді армандаған. Кейін Кенияның Лайкипиа графтығында қара қабылан бар екенін білген соң, Сан-Диего зоопаркінің ғалымдарымен бірлесе отырып экспедицияға шыққан. Бірнеше жерге камералар орнатып кеткен ол келгенде қара леопард суретін көріп, қатты таңғалыпты», деп жазады басылым.
Айта кету керек, қабыланның қара болуы өте сирек кездесетін генетикалық мутацияға жатады. Ең соңғы рет қара леопард 1909 жылы суретке түсірілген.