Қызылордада полиция көлігі апатқа ұшырады
Қызылордада полиция көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлікті қалалық полиция басқармасының қызметкері жүргізген. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, оған қатысты тиісті қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.