Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері тұрғындардың шағымына жауап берді
Екінші балалар бөлімшесі 26 адамнан жоғары болған жоқ. Ата-аналар сол бос жерге орналастыруымызды сұрайды. Ал, ол бөлімде қызылшамен қарым-қатынаста болған (күмәнді) науқастар, облыстық балалар ауруханасында емделіп шығып дене қызуы түспеген балалар және біздің ауруханада екі-үш рет емделіп шығып, қайтып түскен науқастар жатады. Сонымен қатар үйінде ауырып, екпе алмаған, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында болған балаларды орналастырдық. Себебі оларға, алдағы 21 күн аралығында мүмкін жағдайда (аурудың жасырын кезеңі) 75-90 пайызы қызылша диагнозы қойылуы мүмкін.
– Одан қорқудың қажеті жоқ. Кейбір ата-аналар балаларын үйде емдеп, уақыт өткізіп алады. Яғни, ауруханаға ауруын асқындырып әкеледі. Сондай жағдайларда, баланың ауруына байланысты бала антибиотик қабылдайды.Тағы бір айта кетерлігі, баланың жағдайына қарай және дәрігерлік консилиумға байланысты, ем шаралар белгіленеді.