Қызылордалық жігіт тұрмысы төмен отбасыларға компьютерді тегін таратып жүр
Қызылорда қаласының тұрғыны Ғабит Нұрқожаев бір жылдан бері жұмыстан босаған уақытында қоғамға өз пайдасын тигізіп, қайырымдылықпен айналысып жүр. Ол жағдайы төмен отбасыларға тегін компьютерлік қызмет көрсетеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

«Мұнай компаниясындағы вахталық жұмысымнан босаған кезде жағдайы төмен отбасыларына барып тегін компьютерлік қызмет көрсетем. Сонымен қатар жұрттан жиналған компьютер құрылғыларынан бір компьютер құрастырып шығамын. Мен бұл жұмысты Индира Басманова мен Халил Мададов деген азаматтармен бірге атқарып келеміз. Осы бір жылдың ішінде 6 отбасыға компьютер тараттық. бұдан кейін де таратсақ ба деген үміттемін. Алайда, сұраушылар көп, бірақ компьютер бөлшектері аз болып тұр. Уақыт өте бұл жоба да қолдау табады деп ойлаймын. Қынжылтаны, ірі техникалық компаниялардан көмек сұрағанымда бұл бастамама қосылмады, тіпті бас тартты», – дейді Ғабит Нұрқожаев.

Фариза ОМАРОВА