Қызылордада «Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталады
14-16 ақпан күндері Қызылорда облысы көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықты анықтауға күш салады. Әсіресе, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтайды. Жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн, яғни ксенон немесе лед жарық шамдары орнатылған көлiк құралдарын тәртіпке шақырады.