Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 14 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін демалуға сәтті күн. Ұзақ серуенге шығыңыз немесе саяхатқа аттаныңыз. Бұл күні қаржылық мәселеңіз шешіледі. Қомақты ұтысқа ие болуыңыз мүмкін. Зат сатып алар болсаңыз жолыңыз болады.
Торпақ
Бүгін күш-жігеріңіз артады. Бұған себеп қаржылық мәселеңізді оңтайлы шешілуі болуы мүмкін. бұл белгідегі нәзікжандарды жаңа таныстықтар немесе романтикалық кездесу күтіп тұр. Ал ер адамдар бұл күнді тыныштықта өткізгені дұрыс.
Егіздер
Соңғы күндері мазаңызды қашырып жүрген мәселелерді біржақты етесіз. Ұзақ мерзімге жоспарланған келісім шартқа отыруда, көп уәде беруден аулақ болыңыз.
Шаян
Қызмет ауыстыруға немесе кез келген маңызды істі бастауға қолайлы күн. Бүгін сізге жаңа қызмет ұсынуы мүмкін. Бұл ұсыныс өміріңізді жақсы қырынан өзгертетінін ескерсек, одан бас тартпаңыз.
Арыстан
Жұмысқа деген белсенділігіңіз өз нәтижесін береді. Бірақ сіз өзіңізге не қажет екенін нақты білмейсіз. Бүгінгі шығармашылық идеяларыңыз басшылық тарапынан жақсы бағаланатын болады. Кешті отбасыңызбен бірге өткізіңіз.
Бикеш
Бүгін белсендісіз. Алдағы күндерге жоспар құрып, соның орындалуына жұмыс жасай бастайсыз. Жұмысыңыздың алға басуына септігін тигізетін жандармен танысатын боласыз. дәл қазіргі жұмысқа деген ынтаңыз сізге табыс әкелетін болады.
Таразы
Шығындарыңызды есептеп, ақшаны ұқыптылықпен жұмсаңыз. Жақын адамыңызбен және әріптестермен сөзге келіп қалмауға тырысыңыз. Өзіңіздің көздеген мақсатыңызға жету үшін ешкімнің сөзіне назар аудармаңыз. Табандылығыңыз бен жұмысқа деген жанашырлығыңыз өз жемісін береді.
Сарышаян
«Өтірік өрге баспайды» демекші, өтірік айту адамның жолын байлары анық. Табысқа жетемін десеңіз өтірік айтудан қашыңыз. Түсіңізде көрген жайттар шындыққа айналуы мүмкін.
Мерген
Жұмысты ауызбіршілікпен жасауға, әріптестеріңізбен бірге іс-әрекет етуге тырысыңыз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Басы бос «мергендерді» жаңа таныстықтар күтіп тұр. Алайда бұл таныстық ұзаққа бармайды.
Тауешкі
Әріптестермен бірге бірігіп жұмыс жасау жемісті болмақ. Өмірге деген құштарлығыңыз артып, айналаңыздағыларға шуақ шашасыз. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы естен шығармаңыз.
Суқұйғыш
Бүгін өміріңіз жаңа арнаға бұрылуы мүмкін. Көптен ойлап жүрген арманыңыз орындалатынына сеніңіз. Бұл армандарыңыз жолдасыңызға қатысты болуы да мүмкін.
Балықтар
Қаржылық әлеуметтік жағдайыңызды жақсартасыз. Алайда қырсық-қыңыр, қатал мінезіңіздің кесірінен әріптестермен түсініспеушіліктер орын алып, басшылықпен келіспей қалуыңыз мүмкін. Түсіңізде көргеніңіз өңіңізге айналады.