Қазақ қызының мүсініне қатысты Қызылорда қаласының әкімдігі түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде көп талқыланған Қызылордадағы қазақ қызының мүсініне қатысты қала әкімдігі өз жауаптарын берді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
«Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласы көшелерінің біріне қойылған қазақ қызының бейнесіндегі мүсін қызу талқыға түсті. Онда бойжеткен бейнесі ер адамға көбірек ұқсайтыны айтылды. Айта кетерлігі, аталмыш архитектуралық фигура қазір Қызылорда қаласы аумағында жоқ. Мүсін 2015 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында «Қызылорда Көркем» ЖШС мекемесі қойған. Мүсін арнайы мамандар қолымен дайындалған. Дегенмен оның сыртқы түр сипатына байланысты қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы тарапынан сыни пікірлер айтылған соң, ол орнынан алынып тасталды», - деді Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 55 аллея мен сквер, 69 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Сонымен қатар қала мәдениеті мен облыс орталығының әсем келбетін айшықтайтын 20-ға жуық архитектуралық мүсін қойылған.