2018 жылы өңірде 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Тұрғын үйді жылдық іске қосу 2,6 есеге өсті - 2013 жылы 270 мың шаршы метр болса, 2018 жылы 700 мың шаршы метрге дейін артты. Бұл туралы облыс әкімінің есепті кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Сонымен қатар, 2018 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыс бойынша 70 тұрғын үйдің (1790 пәтер), өткен жылы пайдалануға берілген 56 тұрғын үй (1 222 пәтер) оның ішінде Арал қаласындағы апатты үйлердің тұрғындарына берілген 27 тұрғын үй мен жеке инвесторлар есебінен салынған 22 үй және сатып алу құқығынсыз 7 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.