Қызылорда әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жергілікті билік өкілдері көпбалалы аналарды мәселелерімен қабылдады. Кездесуге қатысушылар демократиялы түрде өзінің пікірлерін ашық жеткізіп, диалогтық пікір алмасуға ұласты. Облыс басшылығы еркін ашықтықты ұстанды, бұл өз кезегінде демократияның аймағымыздағы дамуы десекте болады.

Осы бағытта облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өткім келеді. 2017 жылы арнайы әлеуметтік әлсіз отбасыларға азық-түлікпен және көпбалалы отбасыларға материалдық қолдаулар көрсету, түрлі диагноздармен ауыратын балаларға көмектесу мақсатында арнайы «Мейірім» жобасын іске қостық. Биылғы жаңа жыл қарсаңында мәдени іс-шаралардан бас тартып жас кәсіпкерлермен бірлесе «Қайырымдылық аптасын» жарияладық. Осы жоба аясында 2 жыл ішінде 150 отбасыға адресті, материалдық көмектер көрсеттік. ДЦП диагнозымен ауыратын 10 баланың еміне қаржылай қолдаулар көрсетілді. Алдағы уақытта осы бағытта ауқымды жұмыстар атқару жоспарлануда.
Талғат ТІЛЕСОВ
«Жас Отан» Жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы