Қызылорда облысында дабылды ескерту жарияланды
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
"Қазгидромет" РМК Қызылорда облысында болатын қолайсыз ауа-райы жайлы ақпарат жариялады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
"2019 ж. 12 ақпан 20 сағаттан 13 ақпан 20 сағатқа дейін Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 18-23 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі», - делінген метеорологтардың хабарламасында.