Бөгет салынып, қауіп сейілді
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Серік Салауатұлының айтуынша, көптен бері, облыста шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі Қызылорда қаласының жағалауын тасқын сулардан сақтау болып келді.
"Соңғы 2 жылда Үкімет резервінен Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту жобасын бастауға 2,9 млрд.теңге қаржы бөлініп, бірінші кезекте 10 шақырым қорғаныс бөгеті салынды. Қорғаныс бөгеті бұған дейін салынған қаланың оң жағалуының деңгейінде. Яғни, Балтық жүйесі бойынша 130 м құрайды. Бөгеттің ені 6 метр. Бөгеттің откосы (жоғары беткейі) 1 метр қалыңдықта таспен қапталды. Тастың астына геотекстиль материалы салынды", - деді облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов.
Шаралардың атқарылу нәтижесінде, биылғы жылы облыс аумағына көп судың келуіне байланысты осы қорғаныс бөгеті Қызылорда қаласының сол жағалауын су басудан сақтап қалды.