Қызылордада жер телімдеріне онлайн аукцион өткізілді
Қызылорда қаласында кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер телімдерін табыстау бойынша онлайн аукцион өткізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Партия жобасы аясында өткен аукцион «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» базасында Қызылорда қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Айта кетейік, жоба Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында жер телімдерін беру кезінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында берген тапсырмаларына сәйкес, «Нұр Отан» партиясының коммерциялық мақсаттар үшін ұсынылатын бос жер учаскелері туралы ақпаратқа ашық қол жеткізуге бағытталған «Бизнестің геақпараттандырылған онлайн сервисі» партиялық жобасы аясында өткізілуді.
Онлайн аукциондарды өткізудің басты бір ерекшілігі әкімшілік кедергілері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік орган мен кәсіпкер арасындағы тікелей байланысты болдырмау болып табылады. Яғни енді кәсіпкер үйден шықпай, онлайн режимінде аукциондарға қатыса алады. Алдағы уақытта да кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскелерін табыстау үшін онлайн аукцион Орталық базасында өткізілетін болады.
Аукционды ұйымдастыру үшін Қызылорда қаласының әкімдігі онлайн аукционға шығару үшін 39 бос жер телімдерін анықтады. Осы аукционға 100-ден астам кәсіпкер қатысты.
«Қызылорда облысы «Ақылды басқару» бағыты бойынша пилоттық аймақ болып табылатынын атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың бастамасымен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ашылды.
Бүгінде Орталық тегін негізде «бір өтінім» қағидаты бойынша 70-тен астам қызмет көрсетеді. Жер қатынастары саласында 21 қызмет көрсетіледі, оның 7-і – мемлекеттік қызмет»,– деді аукцион барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.