Жас педагогтардың семинары
Қызылордада «Алтын ұя» балабақшасында «Ұлы даланың жеті қыры» тәрбие мен оқыту үрдісіндегі маңызы» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.
Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған шараның мақсаты – «Қатынас» білім беру саласындағы «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Драма», «Ағылшын тілі», «Сауат ашу» оқу қызметтеріне және үйірме жұмыстарына қатысу, тәжірибе алмасу. Сондай-ақ балалардың ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылығын арттыру.
Семинардың ерекшелігі – «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бөліктерін оқу қызметтеріне енгізу, инновациялық технологияларды тиімді қолданудың түрлері, робототехника жұмысын ұйымдастыру. Сонымен қатар семинар «Ғажайып дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат», «Жылдам оқу» әдісі, «Су хауызындағы» үйірме жұмысының түрлері, «Ерте жастағы балалардың дауы» жұмыстарымен ерекшеленді.
Жас педагог мамандар «Ойын технологиясы», «Триз» әдісі, АКТ флипчарт, Воскобович тақтасымен «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс түрлерін көрсетті. Семинарда педагог мамандар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы әрбір тарауды ашып, сабақ барысында қолданды.