Қызылорда облысы әкімдігі тұрғындардың мәселесін тыңдады
Бүгін Қызылорда қаласында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімдігінің бастамасымен қоғамдық қабылдау өтті. Оған 300-ге жуық облыс тұрғыны келді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Қоғамдық қабылдауда облыс әкімінің орынбасарлары Қуанышбек Ықсақов, Серік Сүлейменов, Руслан Рүстемов, Евгений Ким, басқарма басшылары, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен қалалық бөлім басшылары тұрғындарды жеке-жеке қабылдап, арыз-шағымын тыңдады. Солардың ішінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен жандар да болды. Кездесуде баспана алу, жұмысқа тұру, тұрмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек секілді мәселелер көтерілді.
Қызылордалық шенеуніктер тұрғындардың талап-тілектері ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Ал ұзақ мерзімде қаралатын мәселелер жазбаша түрде облыс және қала әкімдерінің поштасына жазбаша түрде қалдырылды. Бұл сұрақтарға да жауап берілмек.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдау 5 сағатқа созылды.