ЕНДІ КӨШЕГЕ ТЕМЕКІ ҚАЛДЫҒЫН ТАСТАСАҢЫЗ 20 МЫҢ ТЕҢГЕҢІЗДЕН ҚАҒЫЛАСЫЗ
Темекі қалдығын тастағандарға айыппұл көлемі бұған дейін 3 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 5556 теңгеден басталатын. Енді жаңа кодекс бойынша бұндай құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 19820 теңге көлемінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
Кеше Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында сот судьясы А. Байбулатованың төрағалық етуімен қоғамдық орынға темекі қалдығын тастап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені үшін ҚР ӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігімен айыпталған құқық бұзушыға қатысты іс қаралды.
Осыған орай, мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен құқық бұзушыға 19820 теңге, яғни 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.