Биыл еліміз 100% отандық мұнай өнімдерімен қамтылады
Биыл ел нарығы толықтай отандық мұнай өнімдерімен қамтылады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомстваның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды 24 kz.
Министр былтыр сұраныстағы бензиннің 93 проценті, дизельдің 91, әуе керосинінің 62 проценті өз жанармайымызбен қамтылды, - дейді. Биыл осы көрсеткішті 100 процентке жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта министрлік дизель отынын экспорттауға уақытша шектеу қоймақ. Жалпы былтыр елімізде 90 миллион 360 мың тонна мұнай өндірілген.
«2018 жылы 11,5%дейін арттыруға мүмкіндік берді. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 9% 2016 жылы -2,6% болған. 2019 жыл жоспары-14. Қайта өңделген автокомпоненттердің көлемі 83,7 мың тоннаны құрады. Бұл бизнесті ынталандыруға мүмкіндік берді, кәсіпорындар саны 115 тен 150 дейін өсті», - дейді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.