Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қандай да бір іс бастасаңыз барлығы жүзеге асады. Маңызды құжаттарға қол қойып, жолға шығуға өте қолайлы күн. Мол табыс табудың көзі шығып тұр.
Торпақ
Артық шығын жасамауға тырысыңыз. Бүгін қарыз алмауға және бермегеніңіз жөн. Отбасыңызда жайлылық орнап, жақындарыңыздың жайын айтпай ұғасыз.
Егіздер
Бүгін жақсы жаңалық болады. Көңілге қонымды ұсыныстар мол табыс әкелуі мүмкін. Жақын адамыңыз сізге тосынсый жасап, көңіліңізді көтереді. Ол адаммен қарым-қатынасыңызды жақсарта түсіңіз.
Шаян
Күтпеген жаңалық орын алады. Біраз мәселелер туындауы мүмкін. Жаныңыздағыларды өз дегеніңізге көндіру үшін біраз шешендік өнер қажет. Отбасыңызға сіздің қолдауыңыз жетіспейді. Барынша оларды қолдап, қорғап жүріңіз.
Арыстан
Бүгінгі күн серіктестеріңізбен қарым-қатынасты нығайтып, жеке мәселеңізді шешуге таптырмас күн. Бұл күн неке қиюға, көңіл көтеруге және саяхатқа шығуға қолайлы күн. Өтініш жасаған жанның көңілін қалдырмаңыз.
Бикеш
Әріптестеріңізбен бас қосып, таза ауада демалыңыз. Отбасылық мәселені шешуге қолайлы күн. Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас нығая түседі. Түсіңіз өңіңізге айналуы мүмкін.
Таразы
Күш-жігеріңіз бойыңызға сыймай, жақсы көңіл-күйде боласыз. Қонаққа барудан бас тартып, үйде болғаныңыз жөн. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Түстен кейін отбасылық мереке ұйымдастырып, балаларыңызға қуаныш сыйлаңыз.
Сарышаян
Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Демалысты жақсы көңіл-күйде өткізуге тырысыңыз. Үй тіршілігін кейінге қалдырыңыз. Достарыңыз немесе туыстарыңыз көмек сұраса, қол ұшын беруден қашпаңыз. Түсіңізде аян беруі мүмкін.
Мерген
Жұмыста түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Мұқият болыңыз. Бұрыс шешім қабылдаудан сақтаныңыз. Әйтпесе, ашуыңызды пайдаланып, аяқтан шалушылар өз ойын іске асыратын болады. Жаныңызға жақын адамдармен бас қосыңыз.
Тауешкі
Күннің алғашқы жартысында депозит ашу немесе қаржы құю ісімен айналыспағаныңыз жөн. Әйтпесе, көп шығынға ұшырайсыз дейді жұлдыздар. Түстен кейін барлық ісіңіз алға басады. Қызметте жоғарылайсыз. Достарыңызбен қарым-қатынасыңызды үзіп алмаңыз.
Суқұйғыш
Егер сізге бірлескен жұмыс жасау туралы ұсыныс түссе, шешім қабылдауға асықпаңыз. Бүгін үйіңізге күтпеген қонақтар келіп, құрмет-қошеметке бөленесіз. Дегенмен аздап шаршауыңыз да мүмкін.
Балықтар
Бүгін жаңа жұмысты қолға алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ қосымша тапсырма алып, мойныңызға жауапкершілік алмауға тырысыңыз. Өйткені, бұл тапсырмалар сіз ойлағандай оңай болмауы мүмкін.