Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Күйгелектігіңіз бен ашушаңдығыңыздан жақындарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Маңызды келіссөздер жүргізуді жоспарламаңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Торпақ
Ақпараттың нақ ортасында жүргеніңіз дұрыс. Өзіңіздің ой-пікіріңізді ортаға салыңыз. Тек өзгелерге ғана емес, өзіңіз үшін де әділ болуға тырысыңыз. Біреуді алдаймын деген ойыңыз іске аспай, шындық түбі ашылатынын ойлаңыз.
Егіздер
Өзіңіздің талантыңызды танытуға және өз стиліңізді қалыптастыруға тырысыңыз. Бүгін бұрынғыдан да өте сүйкімдісіз. Кешке қарай қыдырып, бой сергітіңіз.
Шаян
Бүгін бұрыннан ұнатып жүрген адамыңызға сөз салып, ішкі сезіміңізді білдіріңіз. Романтикалық кеш ұйымдастырып, кешті көңілді өткізіңіз. Сондай-ақ сырт келбетіңізге мән беріңіз.
Арыстан
Бүгінгі күн жаңа таныстықтарға, достарыңызбен кездесуге және басқосулар ұйымдастыруға қолайлы күн. Сізді бүгін тосынсый күтіп тұр. Күтпеген жерден мол сыйлыққа ие боласыз. Бүгін сұлулығыңызбен көпшілікті таңқалдырасыз.
Бикеш
Қиын жағдайдың өзінен жол тауып, кедергілерден өте аласыз. Араларыңызда кикілжің туған адаммен кездесіп, мәселені оңай шешесіз.
Таразы
Жақсы табыс табудың көзі шықса, жұмысыңызды бастай беріңіз. Алдыңыздан шыққан кедергілерге мойынсұнбай, оларды ақылмен шеше біліңіз.
Сарышаян
Бойыңыздағы талантты шығарыңыз. Әсіресе шығармашылық қырыңызды таныта біліңіз. Жаңа таныстарыңыздың арқасында өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Дәл бүгін өмірлік серігіңізді табуыңыз мүмкін.
Мерген
Жаңа таныстықтар орын алады. Бүгін қаржылай қолдау білдіретін жандар да табылады. Сондай-ақ қызметте өсуге көмек көрсететін жандар да бар. Сонымен қатар бүгін өзіңізге қажетті ақпараттарға қол жеткізесіз.
Тауешкі
Бүгінгі күн сауда-саттық жасауға, ақпарат жинауға және жақындарыңызбен әңгіме-дүкен бұруға өте қолайлы күн. Жаңадан бастаған ісіңіз алға басады. Бірақ ол үшін көп күш жұмсауыңыз қажет.
Суқұйғыш
Бүгінгі көңіл-күйіңіз өте керемет. Бүгінгі күніңіз басқосулармен, мерекелік кештермен өтеді. Құжаттарға қол қойып, келіссөздер жүргізуіңіз де мүмкін.
Балықтар
Өзіңіздің өмірлік қағидаларыңызды сақтай біліңіз. Үйдің күйбең тіршілігінен шаршадым деп, алысқа кетудің қажеті жоқ. Үйдегі әңгімені сыртқа шығаруда жөн емес.