Қызылордада керамикалық бұйымдар өндірісі қолға алынбақ
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Өткен жылы «Жасыл экономика – өңір дамуының жаңа бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған Х-шы «Baikonyr Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форум жұмысына әлемнің 15 елдің өкілі, сондай-ақ, 5 елдің Өкілетті және Төтенше Елшілері қатысты.
Нәтижесінде, «Rino Asia» түрік компаниясымен керамикалық бұйымдар өндірісі жобасын іске асыру бойынша Келісімге және 14 меморандумдарға қол қойылды. Оның 8 меморандумы жаңартылмалы энергия көздері және 6-ы өзге салалар бойынша.
«Сондай-ақ, әлемнің 5 елінен (ҚХР, Татарстан, Украина, Ресей, Белоруссия) өкілдердің қатысуымен «Цифрландыру: Өңірлерді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ІІІ халықаралық интернет-форум өткізіліп, нәтижесінде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 4 меморандумға қол қойылды», - деді Ринат Сұлтангереев.