Жеңгетайлықпен айналысқан қызылордалық ұсталды
Қызылорда қаласында Өсербаев көшесінде жеңгетайлықпен айналысқаны үшін 35 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.Егер күдіктінің жасаған қылмысы дәлелденсе, сот шешімімен мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.



















