Қазақстанда 083, 086 анықтамаларынан бас тарту ұсынылды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев №083, №086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы уақытта азаматтар №083, №086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді. Оған қоса, осы анықтамалардың заңсыз сатылымы индустрия түрінде дамыған», - деді Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жиынында.
МҚІСЖҚА басшысы елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін одан әрі жақсарту қажеттілігін айтты.
«Мен ұсыныстарым осы, қажетсіз құжаттарды қысқартайық», - деді Алик Шпекбаев.