Еліміздің үш облысында ескерту жарияланды
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша еліміздің үш облысында қатты аяз болып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

8 ақпанда түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең Астана қаласында түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады.
8 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Түнде 8 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз 40 градус сақталады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі.
8 ақпанда Петропавл қаласында күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстаң соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.