ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өтті
ҚАЖ департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жедел кеңес өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел кеңес отырысын ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Өңіріміздегі кәсіпкерлік субъектілермен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, ЗК-169/4 мекемесінің 50 сотталғаны ЖШС «Алтайтрансойл», ЖШС «Интергосстрой», ЖШС «Полимерпродукт», ЖШС «ПСК-Саулет» жұмысқа орналастырылған.
ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет майоры Е.Сон өз баяндамасында мекеме аумағында кәсіпкерлікті ашып жүргізу жұмыстарына тоқталып кетті.
Кеңеске қатысушылар, ЗК-169/4,5 мекемелерінің сотталғандарын жұмысқа орналастырып отырған ЖК, ЖШС кәсіпкерліктер басшылары өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.