Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады - сәрсенбіге арналған ауа райы
«Қазгидромет» 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, қар жауады.
Тек республиканың оңтүстік-батысында, қиыр солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде - тұман, түнде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысында түнде қатты, кей жерлерде өте қатты аяз күтіледі. Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде қатты аяз күтіледі.